Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Как в университете!
29-12-2018 17:54
Как в университете!

       Жыл сайын желтоқсанның соңғы аптасында "Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі" ММ 8-11 сынып оқушылары үшін емтихан сессиясы өткізіледі.
        Қысқы сессия:
- білімді жүйелеуге көмектеседі;
- оқу мотивациясының деңгейін арттырады;
- оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою механизмі болып табылады;
- мектеп оқу-тәрбие процесін ЖОО-ның Академиялық форматына жақындатады.
       Емтихан комиссиясының құрамына дәстүрлі түрде ИнЕУ ғалымдары, ата-аналар шақырылады.
  2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының басты ерекшелігі емтихан комиссиясының құрамына қалалық пән олимпиадасының, ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, оқу озаттарын қосу болып табылады. Кезекшілік ұйымдастыру, емтихан кезінде тәртіп сақтау, кабинеттердегі жұмыс атмосферасын 11 К сынып оқушысы Әлімхан Ботагоз бастаған штаб қамтамасыз етті. Оқушылардың дербестігі және оларға деген сенімі педагогикалық ұжым тарапынан оқушылардың белсенділігін арттырудың мотивациялық факторы болады! Одан әрі әр түрлі олимпиадалардың үздіктері, жеңімпаздары мен жүлдегерлері көп болады! Біздің зияткерлік элита осылай тәрбиеленуде!