«Өте жақсы» аптасының нәтижелері

Бүгін 16-23 мамыр аралығында өткен тамаша бағалау апталығы аяқталды. Біздің оқушылар бір апта ішінде өз қоржынына тек жақсы баға жинады.
Апталық қорытындысы бойынша 11 К сынып оқушылары Әлімхан Ботагөз, Қайрбай Ғазиз, Назар Қаныш жеңімпаз атанды. Олар бір апта ішінде 22 "бестік" жинады. Сынып оқушылары арасында 11 К сынып жеңімпаз атанды, олардың қоржынында 98 «бестік» танылды.
Жарайсыңдар, түлектер!