Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тілдер айлығын қорытындылау
09-10-2019 20:54
Тілдер айлығын қорытындылау

     Тіл туады және адамдармен біріктіріледі, сондықтан әр тіл өз елі үшін соншалықты керемет. Тіл халықтың тарихымен тығыз байланысты, тарихи оқиғалардың ізін қалдырады. Әр ұлт өз тілін құрметтеп, қолдап, дамытып, қорғауы керек.  №20 мектеп- лицейде Тілдер айлығында   іс-шаралар өткізілді: ашық сабақтар, конкурстар, дөңгелек үстелдер. Әсіресе, ғалым, белгілі абайтанушы Даниал Сабенұлы Асеновпен болған кездесу есімізде  қалды. Ол балаларға Абайдың өлеңдері мен қара  сөздерін оқыды.

       Балалар теледидардан сұхбат берді, Абайдың өлеңдерін үш тілде орындап берді.Оқушылар облыстық балалар кітапханасына барып, «Бір ел-бір» акциясына қатысып, танымал қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.

    Тілдер айлығы қорытындылары барысында  тілдер туралы бейнеролик көрсетіліп,  ерекше көзге түскен оқушылар  балаларға дипломдар табысталды.

    Тілдер айлығы аясында өткізілген іс-шаралар балалардың тілдер туралы түсініктерін кеңейтіп, білімдерін тереңдетіп, көптілділікке деген қызығушылықтарын арттырды.