Түлектерді оnlin тестілеу.
Түлектерді ҰБТ-ға сапалы дайындауға ақпараттық ресурстарды қолдану үлкен септігін тигізеді. «Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі» ММ компьютерлік базасы оnlin тестілеуге тиімді кеңістікті қамтамасыз етеді, оқушылардың икемдері мен білімдерін бақылауда, теориялық дайындықтары мен тренинг өткізуде интернет-ресурстардың мүмкіндіктері қолжетімді етіледі.
8 қаңтарда ҰТО базасында өткен оnlin тестілеуге 36 түлек қатысты, оның ішінде 22 оқушы мемлекеттік тілде оқытылады. Оnlin тестілеуді өткізу Бірыңғай ұлттық тестілеу тапсыру кезіндегі ережеге жақын жағдайда және жүйелі түрде өткізілетін болады.