Бүгін №20 лицей-мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Қазақстандық патриотизм» тақырыбына жарыссөз өтті.Мақсаты: оқушы бойында патриотизммен байланысты түсінік пен ұғымды қалыптастыру. Әр топ «Бүгінде патриотизм деген не?», «Қазіргі жастар өз елі үшін не істей алады?», «Замануи жастардың патриоттық сезімдері неден көрінеді?», «Қазіргі жастардың бойында патриотизмді қалай тәрбиелеуге болады?», «Біздің ел тұрғындарының бойында өз еліне деген мақтанышты ояту үшін біз не істеуіміз керек?» деген негізгі сұрақтарға жауап іздеп дайындады. Жарыссөзге қатысушылар диспут мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті, тұжырымдама жасады. Жарыссөз тақырыбы қатысушыларды да, тыңдаушыларды да толғандырды. Әрқайсысы өз көзқарасын жеткізуге тырысты, жарыссөздің шегі көрінбеді. Мұндай шаралар жасөспірім ұрпақтың арасында патриотизм рухының жандануына ықпал етеді.
Жарыссөздің тақырыбы: «Қазақстандық патриотизм»