Пікірталаста шындық туады
«Фемида» дебатшылар командасын Британдық парламенттік форматта өткен І дебаттық турнирде жеңіске жетуімен құттықтаймыз. №20 лицей-мектебінің 9 Б сынып оқушысы Сембаева Аружан және 10 Б сынып оқушысы Уразалимова Сана қатысты.
Дебаттық турнир оқушылардың зияткерлік қабілеттерін арттыруға, жастардың түрлі өзекті тақырыптарға дұрыс пайымдауына және көпшілік алдында табысты сөйлеуіне ықпал етеді. Бұл дағдылар оқушыларға болашақ өміріне көмектеседі.