Қ. Бітібаева атындағы олимпиаданың қорытындысы

«Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ұстаз,академик Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі Павлодар қаласының 17 мектебінің 9-11 сыныптарының 39 оқушысының басын біріктірді. Олимпиада қорытындысы бойынша №20 лицей-мектебінің 3 оқушысы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: 10Б сынып оқушысы Камила Ысқақ І орын, 9Б сынып оқушысы Еркежан Әбілмансұр ІІ орын, 11Б сынып оқушысы Алина Аманжолова ІІІ орын.Лицейшілерді құттықтап,облыстық, республикалық кезеңдерде жеңіс тілейміз.