Ғылымға апарар жол
2020 жылғы 09-10 сәуір Инновациялық Еуразия университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған "Білім мен ғылым интеграциясы-болашаққа қадам" атты Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым академиясының XLVІ ғылыми –практикалық конференциясы өтті.
Конференция "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында сырттай түрде өтті, оған жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері, сонымен қатар орта жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
№20 лицей-мектебінің оқушылары конференцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Бақдаулет Акерке - 2 орын, ғылыми жетекшісі Бибігүл Мадатқызы Шажанканова, Мукатаев Тамерлан - 2 орын, ғылыми жетекшісі Тоғжан Сұлтанқызы Мүлікбаева, Гомар Амина - 3 орын, ғылыми жетекшісі Жаңылды Кагарқызы Кабышева, Акчурина Мария-3 орын, ғылыми жетекшісі Фрик Любовь Ивановна.
Лицей оқушылары мен олардың ғылыми жетекшілерін кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
