Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Өзге ұлт өкілдері арасындағы Абаев оқулары» бейне байқауы.
14-08-2020 09:21
«Өзге ұлт өкілдері арасындағы Абаев оқулары» бейне байқауы.

     Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай, қала әкімдігі 2020 жылдың 22.07 бастап 10.08 аралығында жастар қоғамдық бірлестігімен бірге «Өзге ұлт өкілдері арасындағы Абай оқулары» онлайн байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, патриоттық сезімін ояту және жастардың мәдени деңгейін көтеру. Қатысушылар үш минуттық бейнеролик дайындады, олар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін қазақша оқыды. Байқау нәтижелері бойынша қаланың қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облысындағы өкілдерінен құралған қазылар алқасы төрт жас санаты бойынша жеңімпаздарды анықтады. Байқау жеңімпаздарының қатарында № 20 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Гранкина Екатерина 1 орынға ие болды. Жеңісіңіз құтты болсын!