Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Отбасы - бақыт мекені» апталығы
17-09-2014 04:11
«Отбасы - бақыт мекені» апталығы

«Отбасы - бақыт мекені» атты отбасы апталығы аясында мектепте бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде атап өтетін болсақ, фотосурет көрмесі, шығармалар сайысы, «Толағай» ойындары және   4 сыныптар сынып жетекшілері, ата-аналары және мектеп аға тәлімгері Н. С. Айдарханованың  ұйымдастыруымен «Үлгілі отбасы-2014» атты отбасылар байқауы  өтті.

Әр отбасы жеке топты құрады. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергіге төтеп беруі тиіс еді. Сайысқа Мусаевтар, Балтабаевтар,Меркановтар, Аубакировтар, Райымбековтар,  отбасылары қатысты.

«Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – бірлігі жарасқан шаңырақтарды үлгі ету. Мұндай шаралар отбасы бірлігін нығайтары сөзсіз. Ал, орнықты, бірлігі жарасқан үлгілі отбасы – қоғам тірегі

Сайыс үшкезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әр отбасы өздерін таныстырып, жеті атасын зерттеп, қорғады. Содан кейін әр отбасы «Өнерлі өрге жүзер»демекші өз өнерлерін тамашалады. Ал, «Сөз атасы- мақал» бөлімінде әр отбасытақырыпқа байланысты  мақал-мәтелдер бойынша білімдерін көрсетті.

Байқау тартысты, әрі әсерлі өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені    Аубакировтар отбасы иеленді. Ал,   Балтабаевтар  отбасы – «Білімді отбасы»,    Райымбековтар отбасы – «Өнерлі отбасы»,   Мусаевтар   отбасы – « Шебер сөз отбасы»,   Меркановтар отбасы – «Көрермендер көзайымы отбасы» аталымдары бойынша арнайы дипломдармен марапатталды.

"Арай" баспасөз- орталығы