Виртуалды қабылдау
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қабылдау бөлмесіне қош келдіңіздер!!!
2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.
Сіздер бұл сайтқа пікірлеріңізді жазуға, кеңес алуларыңызға, сонымен қатарөздеріңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алуларыңызға болады.
Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.
Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.
Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Біздің ақпараттық ресурс беттерін жиі қарауға шақырамыз. Сіздерді білім мен тәрбие, мектеп мәселесі және мектептен тыс мәселелерді қарастыруға шақырамыз!