Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітапхана қағидалары

                                                                                                          

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ   ЖАЛПЫ ОРТА БIЛIМ БЕРУ  МЕКТЕБІНІҢ  КІТАПХАНАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Орта білім беретін ұйымның кітапханасы (әрі  қарай мектеп кітапханасы) орта білім беретің ұйымның (әрі қарай мектеп) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін мектептің негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырады.

1.2. Мектеп кітапханасы оқу-тәрбие үдерісін білім беру және педагогикалық әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз етеді. Кітапхана білім беру үдересінің  барлық қатысушыларына  метеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға кітапхана қорларына еркін  қолжетімділікті  ұсынады.

1.3. Кітапхана оқушылардың оқудағы дербестігін жүзеге асыруға, олардың танымдық және шығармашылық қызметін дамытуға септігін тигізеді, педагогикалық ұжымға педагогика және білім беру жөніндегі ақпаратты беру, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оқырмандардың ақпарат мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

1.4. Өз қызметінде мектеп кітапханасы:

-Қазақстан Республикасының Конституциясын;

-Білім мен мәдениеттің дамуын анықтайтын Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтік актілерін;

-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің бұйрықтары мен өкімдерін;

-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының (ҚР БҒМ РҒПК) әдістемелік ұсыныстарын;

-облыстық білім басқармасының қалалық (аудандық) білім бөлімінің бұйрықтары мен өкімдерін;

-мектеп Жарғысын;

-мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;

-мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін;

-осы Ережені басшылыққа алады.

1.5. Кітапхана қорларын және басқа да кітапхана ақпаратына қолжетімділік тәртібі, негізгі қызметтер мен оларды көрсетудің шарттары кітапхананы пайдалану қағидаларында белгіленеді.

 

2. КІТАПХАНАНЫҢ  МІНДЕТТЕРI

2.1. Кітапхана қорларына кен қолжетімділік негізінде кітапхана оқурмандарының ақпарат қажеттіктеріне сәйкес оларға кітапханалық  және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету жолымен оқу-тәрбие үдерісін және өздігінен білім алуды қамтасыз ету.

2.2. Оқушыларда ақпарат мәдениетi дағдыларын қалыптастыру, ақпарат іздестіру әдістеріне үйрету, жүйелі оқуға деген қажеттікті сіңіру.

2.3. Мектептiң педагогикалық қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жүйелі  түрде арттыруға жәрдемдесу.

2.4. Дәстурлi  кiтапхана технологияларын жетілдіру және инновациялық ақпарат технологиярын ендіру, кітапхана үдерістерін автоматтандыру және ұйымдастыру техникасын пайдалану негiзiнде жаңа  кiтапхана технологияларын меңгеру.

3. Негізгі функциялары

3.1. Мектеп кітапханасының негізгі функциялары: білім беру, ақпарат және мәдени.

3.2. Мектеп оқу-тәрбие үдерісін кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз етудің жүйесін жетілдіру мақсатында кітапхананың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу.

3.3. Кiтапхана қорларын мектептің бiлiм беру бағдарламаларына, оқу жоспарларына және кітапхана оқырмандарының ақпарат қажеттіктеріне сәйкес құру.

3.4. Кiтапхана қорларын салалық құрамы әмбебап: дәстүрлі (кітаптар, мерзімді басылымдар) және электронды ақпарат тасығыштардағы (CD-ROM, мультимедиа): оқу, көркем, анықтама, ғылыми-көпшiлiк,  ғылыми-педагогикалық және әдiстеме  әдебиетiмен толықтыру.

3.5. Кітапхана қорының есебін (жиынтық, мүкәммалдық, мүкәммалдық емес) және құжаттарды ғылыми өңдеуді белгіленген талаптарға сәйкес жүргізу.

3.6. Оқырман-оқушылардың жас ерешеліктерін ескере отырып қорды көпаспектілік ақпараттық-библиографиялық ашықтығын көрсету мақсатында аңықтамалық-библиографиялық ақпаратты: дәстүрлі каталогтарды (алфавиттік, жүйелі) және картотекаларды (мақалалардың жүйелі картотекасын, тақырыптық картотекаларды) және электронды деректер базаларын (электронды каталогты) ұйымдастыру және жүргізу.

3.7. Кітапхана қорын ұтымды орналастыруды жүзеге асыру, кітапхана қорын сақтаудың тиісті санитариялық-гигиеналық режімін және сақталуын қамтамасыз ету.

3.8. Кітапхана қорынан тозған, ақаулы мазмұны жағынан ескірген, бас арттық дублетті, бейінді емес, аз пайдаланылатын және жоғалған әдебиеттерді алып тастау: бейінді емес және артық (дублетті) әдебиеттерді қолданылып жүрген нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес қайта орналастыруды жүзеге асыру.

3.9. Мектептің өзгешелігі мен оқырмандар сұраныстарын ескере отырып абонементте және оқу залында саралы кітапхана қызметін көрсетуді ұйымдастыру.

3.10. Кітапхана жұмысының жеке, топтық және көпшiлiк нысандарыньң (әнгiме-сұхбаттар, көрмелер, библиографиялық шорулар, кiтап талқылау, оқырман конференциялары, әдеби кештер, викториналар және т.т) көмегiмен кітапхана қорын насихаттау.

3.11. Белгіленген қағидаларға сәйкес кітапхана оқырмандарына қызмет көрсетудің есебін жүргізу.

3.12. Оқырман-оқушыларды кітапхананың нақты жұмысына қатыстыру мақсатында кітапхана активтін және іс-шараларды жүзеге асыруда және кітапхана жұмысының көкейкесті мәселелерін қарастыруда нақты көмек көрсету мақсатында кеңесші орган құқығындағы кітапхана кеңесін құру.

3.13. Оқырмандарға қызметтердің басқа да түрлерін, соның ішінде қосымша (ақылы) кітапханалық-ақпарат қызметтерін (көп еңбекті қажет ететін библиографиялық аңықтамаларды, әдебиеттер тізімдерін әзірлеу; баспа түпнұсқаларын ксерокөшірмелеу және т.б.), олардың тізбесі кітапхананың ақылы қызметтер (кітапхананың негізгі қызметіне зияның тигізбейтін) туралы Ережесінде белгіленеді.

3.14. Оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.

3.15. Мектептің оқу жұмысына көмек ретінде оқырмандардың ақпарат қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында ұсыныстық библиографиялық көрсеткіштерді, әдебиеттер тізімдерін әзірлеу.

3.16. Оқырмандарды кітапхана ресурстары туралы құлақтандыруды қамтамасыз ету үшін кітапхана көрмелерін ұйымдастыру, плакаттарды, қабырғалықтарды (стенділерді) және т.т. ресімдеу.

3.17. Тақырыптық, атаулы, библиографиялық анықтамаларды орындау, библиографиялық шолуларды жүргізу.

3.18. Кітапхана оқырмандарына ақпаратты таңдау мен іздестіруде кеңесшілік және нақты көмек (жеке, топтық, көпшілік) көрсету.

3.19. Кітапханалық-библиографиялық білім негіздерін насихаттау жөніндегі факультативтiк сабақтар мен үйірмелерді белгiленген тәртiппен (кесте, жоспар бойынша) жүргізу, оқырмандарды қазіргі заманғы телекоммуникация құралдарың пайдалана отырып ақпарат іздестіру әдістеріне баулу.

3.20. Мектеп кітапханасы құратын құжаттар қорын (құжаттар көшірмелерінің тақырыптық қорландыру папкаларын) қалыптастыру.

3.21. Кітапхана жұмысының сапасын одан әрі жақсарту мақсатында кітапхана қызметінің мониторингін (оқырман формулярларын талдау, кітапхана қорын пайдалану, кітаппен қамтылу, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіктері және т.т.) жүзеге асыру.

3.22. Оқырмандардың білім беру және педагогикалық ақпаратқа деген ақпараттық қажеттіктерін толығымен қанағаттандыру мақсатында өңірдің кітапханарымен өзара іліктесу.

 

4. ҰЙЫМДАСТЫРУ, БАСҚАРУ, ШТАТТАРЫ

4.1. Кiтапхананы ашудың басты шарты – бұл бастапқы қордың, әдебиеттердi жинақтауды және басқа да шығындарды, қордық сақталуы мен оқырмандарға қызмет көрсетуге жауапты штат бірліктерін  қаржыландырудың жыл сайынғы тұрақты көзінің, сондай-ақ санитариялық нормаларға сәйкес келетiн үй-жайлар мен  құрал-жабдықтардың болуы.

4.2. Мектеп кiтапханасының жалпы ғылыми-әдістемелік басшылықты:

- өңірлер деңгейінде облыстық білім басқармасының, қалалық  білім бөлімдерінің мектеп оқулықтарының кітапханалық қорлары жөніндегі мамандары, облыстық, Астана, Алматы қалалары педагогика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының кітапханашылары;

-республика деңгейінде білім беру ұйымдарының барлық кітапханалары үшін салалық ақпарат және ғылыми-әдістеме орталығы болып табылатын ҚР БҒМ РҒПК жүзеге асырады.

4.3. Кітапхана басшылығы және оның қызметіне бақылауды мектеп директоры жүзеге асырады, ол кітапхананың ұйымдық-реттеуші және технологиялық құжаттарын бекітеді.

4.4. Мектеп директоры кітапхана қызметінің барлық қырлары үшін жауап береді, бұл: кітапхана қорын жинақтау және сақтау, оқырмандар үшін жайлы жағдай мен сапалы кітапхана қызметі үшін қажетті жағдай жасау.

4.5. Кітапхананы басқарудың бірқатар қызметін мектеп директоры кітапхананың штатты қызметкеріне (меңгерушісіне, кітапханашыға) береді.

4.6.  Мектеп кiтапханасының қызметiн тексеру мектеп директорының, облыстық білім басқармасының, қалалық (аудандық) білім бөлімінің келісімі бойынша жүргізіледі.

4.7.  Кiтапхана жумысын ұйымдастыру мен қызметiнiң нәтижелерi үшiн кiтапхана меңгерушiсi жауап бередi, ол педагогика ұжымының мүшесi болып табылады және мектептiң педагогика кеңесiнiң құрамына енедi.

4.8. Меңгерушi (кiтапханашы) өз құзіреті шеңберінде кітапхана қызметінің нәтижелері үшін толық жауап береді.

4.9. Мектеп кітапханасының кітапхана атауы бар мөртаңбасы болады.

4.10. Кітапхана жылдық жоспарлар мен жұмысы туралы есептер әзірлейді, олар педагогика кеңесінде талқыланады және мектеп директоры бекітеді. Кітапхананың жылдық жоспары мектеп оқу-тәрбие жұмысының жалпы жылдық жоспарының бір бөлігі болып табылады.

4.11. Кітапхананың жұмыс кестесі  мектептiң ішкі еңбек тәртiбi қағидаларына сәйкес белгiленедi. Кітапхана жұмысының өзгешелігін ескере отырып күнделікті жұмыс уақытын бір сағаты ішкі жұмыстарды атқаруға жұмсалады, кітапхана айына бiр мәрте санитариялық күн өткiзiледi, бұл күнi кiтапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейдi.

4.12. Кітапхана штаттары мен еңбекке ақы төлеу мөлшерлері қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес белгіленеді.

4.13. Кітапхана қызметкерлері әр бес жылда бір рет атқаратын қызметіне сәйкестігіне аттестациядан өткізіледі.

4.14.  Кiтапхана меңгерушiсi (кiтапханашы) бiлiктілікті  арттыру  курстарында (бес жылда бір рет), кiтапхана қызметкерлерінің семинарларында, өңірдің мектеп кітапханалары қызметкерлері әдістемелік бірлестіктерінің кеңестерінде, сондай-ақ өздiгiнен бiлiм алу жолымен жүйелi түрде біліктілігін арттырып отырады.

4.15. Аптасында бір рет кітапханашының әдістемелік күні беріледі, ол біліктілікті арттыруға жұмсалады: өңірдің мектеп кітапханашылары әдістемелік бірлестіктерінің кеңестеріне бару, басқа кітапханалардың жұмыс тәжірибесін зерделеу, көпшілік іс-шалаларға дайындық және т.т.

4.16. Кітапхана қызметкерлері белсенді жұмысы үшін білім қызметкерлері үшін көзделген марапаттарға, айрықша белгілерге ұсыныла алады.

4.17. Педагогикалық кеңес кітапхана өз қызметі туралы мектеп әкімшілігі алдында тұрақты есеп беріп отырады.

4.18. Мектеп әкімшілігі кітапхананы мыналармен қамтамасыз етеді:

-қолданылып жүрген нормаларға сәйкес оқулықтар бөлек бөлмелерде сақталатын кітапхана қоры мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлармен және құрал-жабдықтармен және өртке қарсы қауіпсіздікпен;

-осы заманғы компьютер және көшірмелеу-көбейту техникаларымен (принтермен, сканермен, ксерокспен), Интернетке қатынау бар болған жағдайда – Интернетке шығумен;

- белгіленген нормативтерге сәйкес қорларды жинақтаулың және басқа да шығындардың кепілді қаржыландырылуы;

-кітапхана техникасымен (каталог кәртішкелерімен, каталог және кітап бөлгіштермен, оқырман формулярымен және т.б.) және кеңсе жабдықтарымен;

-кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін жүйелі түрде арттыру: біліктілікті арттыру кустарында оқу (бес жылда бір реттен кем емес), өңірдің мектеп кітапханашылары әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына, конференцияларға, семинарларға, стажировкалардан өтуге қатысуы, кітапхана жұмысын ұйымдастыру проблемалары жөніндегі басқа кітапханалардың жұмыс тәжірибесімен танысу, сондай-ақ олардың өздігінен білім алуы үшін жағдай туғызу.

 

5. КIТАПХАНА КЕҢЕСI

5.1. Мектеп кiтапханасында іс-шараларды жүзеге асыруда нақты көмек көрсету және кiтапхана жұмысының көкейкестi мәселелерiн қарастыру мақсатында кеңесшiлік құқығындағы кiтапхана кеңесi құрылуы мүмкiн.

5.2. Кiтапхана кеңесi өз жұмысын мектеп қызметiнiң негiзгi бағыттарымен және жоспарларымен үйлестіреді.

5.3. Кiтапхана кеңесiнiң құрамына кiтапхана қызметкерлерi, педагогика ұжымының, ата-аналар активiнiң, жұртшылық және оқушылар өкілдері енедi. Кеңестiң сандық құрамы жұмыстың көлеміне қарай, бірақ бес адамнан кем емес белгіленеді.

5.4. Оның төрағасы мектеп әкімшілігінің өкiлi, ал хатшысы кiтапхана меңгерушiсi  (кiтапханашы) болып табылады. Кеңес мүшелерi кiтапхана жұмысының белгiлi бiр бөлiгiне жауапты болып бекiтiледi.

5.5. Кiтапхана кеңесiнiң отырысы мектеп директоры бекiткен жоспарға сәйкес белгiленген мерзiмде (тоқсанда бiр мәрте) өткiзiледi.

 

6. ҚҰҚЫҚТАРЫ  МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI

6.1. Кітапхананың мынадай құқықтары бар:

6.1.1. Осы Ережеде келтiрiлген мiндеттерге сәйкес өз қызметiнiң мазмұны мен нысандарын дербес белгiлеу.

6.1.2. Кiтапхананы пайдалану қағидалары мен басқа да ұйымдастыру-реттеушi және технологиялық құжаттарды әзiрлеу.

6.1.3. Кiтапхананы пайдалану қағидаларына сәйкес оқырмандардың кiтапханаға келтiрген залалының  өтемінiң түрлері мен мөлшерiн белгiлеу.

6.1.4. Кiтапхана алдына қойылған мiндеттердi шешумен байланысты ақпаратқа, бiлiм беру бағдарламаларына, оқу жоспарларына,  мектептiң оқу  жоспарларына еркiн қолжетімділік.

6.1.5. Қолданылып жүрген заңнамада белгіленген тәртіппен кітапханашылар бірлестіктеріне (Мектеп кітапханашылары қауымдастығы және т.б.) кіру.

6.2. Кiтапхана қызметкерлерi:

6.2.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленгендер шегінде өзінің лауазымдық міндеттерін, қызмет этикасын тиісті орындамағаны немесе орындамағаны.

6.2.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленгендер шегінде өз қызметін жүзеге асыру барысында жасалған құқық бұзушылықтар.

6.2.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленгендер шегінде материалдық зиян келтіргені үшін жауап береді.

 

Орындаған: № БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЖОББМ кітапхана меңгерушісі – Р.С. Асылбекова