«РобоCup» онлайн -турнирі
![«РобоCup» онлайн -турнирі](/media/img/blogs/5fc4f79582aa4.jpg)
Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі ұйымдастыруымен 30 қарашада Павлодар облысының аумағында тұратын 14 жастан 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастар арасында «РобоCup» онлайн- турнирі өтті. Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ атынан «SMARTBOT» командасы қатысып, арнайы номинацияға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды!Команда құрамында мектеп намысын қорғаған 10"Б" -сынып оқушысы Базарханов Санжар және 8"А" сынып оқушысы Еркинов Аманали. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Айгужинов Даулет Ермекович!