Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл!
24-12-2020 10:34
Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл!

Бауыржан Момышұлын -толғандырған ұлт келешегі, ұлт мүддесі, ұлт тарихы, ұлт рухының, ұлт тілінің, ұлт ар намысының,  ұлт мәдениетінің қамы екендігі баршамызға мәлім.

         Тұңғыш президент  Н. Ә. Назарбаев өзінің  «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында: «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс.», -деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда, оқушылардың рухани мінез-құлықтарын дамыту мен өркендетуде,  олардың бойында  патриоттық азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруда біздің мектеп 2015 жылы 8 мамырда ҚР Үкіметі қаулысымен: «Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ ММ» атанды.

          Білім және тәрбие беру үдерісінде  оқушыларға өз елінің тарихи-мәдени мұрасын қастерлеу, өскелең ұрпақ бойында рухани құндылықтар қалыптастыру және оларды ғылыми-зерттеу, зерделеу жұмыстарына бағыттау мақсатын көздеген мектебіміз үшін Бауыржан Момышұлының рөлі біз үшін маңызды.

         Әр жыл сайын желтоқсанның 24-і, яғни бүгін батыр Бауыржан есімін иеленіп отырған мектеп оқушылары мен ұстаздары  үшін айтулы үлкен мереке. Ол-Бауыржан Момышұлының туған күні. Осы орайда мектебімізде оқушыларға қаһарманың тұлғаның ерлігі мен өнегелі өмірі насихатталады.

         «Бақыт дегеніміз - өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық жүру. Мұршасы, әлі жеткенше өз заманын түсіне білу, өз қоғамымен бірге, алған мақсатына қопарыла, шын көңілмен адал қызмет істеу» Бауыржан Момышұлы да осы бақытқа ие болған асыл тұлға. Аты аңызға айналған әйгілі батыр, есімі ел жадында мәңгі жатталып, қалған даңқты қолбасшы, халқымыздың қыран мінезді айбынды перзенті, дүниеге екі келмес біртуар биік тұлға, жастардың ұлағатты ұстазы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының өзіне ғана тән көп қырлы қайталанбас асыл бейнесі ұрпақтан ұрпаққа жетіп, асқарлана, ажарлана түспек.

 

Халық қаһарманы, батыр Б.Момышұлына «Атақты, ер тұлғалы  батырым» арналған  өлең

 

 (Б.Момышұлының 110 жылдығына)

Атақты,  ер тұлғалы батырым,

Асқан дана, ойшыл сенің  ақылың.

Турашыл, тұғырың бекем, ерке туған,

Мақтанып, пір тұтады сені асылым.

Тоғысып қырық  бірдің соғысына,

Қамықпай,  қарсы  тұрдың  жау соңына.

Кеңестің  құрамында Отан қорғап,

Жеңіске  жетіп тындың ең соңында.

Тура айтып  әскерлерге  пәрмен бердің,

Құрметтеп ұмытпайды  туған елің.

Қайысқан  қалың қолды өзің  бастап,

Бүгін де тып-тыныш қой, байтақ жерің.

Кең иық, һәм кеуделі асыл ерім,

Сипатты, салтанатты көргенде елің.

Ақ тамақ ,оймақ ауыз,  ауыр сөзді,

Көз салмас көрінгенге  көңілді ерім.

Қазақтың  қас батыры  өзің едің,

Қиылған  тал  шыбықтай  сұлу белің.

Қайсарлы, қабырғалы ерен туып,

Бейнеңе тәнті болды асыл серім.

Шебінде  қан  майданның  қалықтадың,

Өнеге, үлгі  айтудан жалықпадың.

Тегіңе   «ов» пен «ович»  жалғаттырмай,

Қазақтың тек  жазуын  анықтадың.

Мектебім  аталады атыңызбен,

Өнеге,  үлгі  алдық  хатыңыздан.

Мәңгілік  қазақ елі ұмытпайды,

Айналдым Баукең  деген  атыңыздан.

Мінеки  жүз он жасқа сен де келдің,

Ұрпаққа өшпестей  бір сенім бердің.

Ұлы елің  артыңдағы аман болып,

Құрметтеп есіміңді қастерледім.