"Наурыз жыл басы"

18 наурызда мектеп кітапханасында 5-сыныптар арасында "Наурыз-жыл басы" атты іс- шара өткізілді. Шараға 35 оқушы қатысты.
Мақсаты: Оқырмандардың қазақтың ұлттық мейрамы Наурыз туралы ұғым-түсініктерін кеңейту. Оқушыларды ұлттық салт- дәстүр негізінде, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Кітапханашы А.Қ. Кожахметова балаларға жалпы Наурыз мейрамы жайында айтып өтті. Кейін әр-түрлі тапсырмалар орындалып, сұрақ-жауап ойыны да өткізілді. Олар, киіз үйдің суреттін безендіру арқылы сұрақтарға жауап берді. Салт- дәстүрді білесің бе?, "Кім тапқыр" ойыны ойналды. Оқушылар белсене қатыса отыра, өз білгендерін ортаға салды.