"Кел балалар, оқылық” атты алғашқы қоңырау салтанаты іс-шарасы өткізілді.
1 қыркүйекте Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 1-сынып оқушылары үшін "Кел балалар, оқылық” атты алғашқы қоңырау салтанаты іс-шарасы өткізілді. Білім күні яғни Алғашқы қоңырау әр оқушының есінде қалары анық,себебі алғаш рет мектеп табалдырығын аттау бұл ерекше сезім. Әр сынып ішінен,оқушылар өз тілектерін білдіріп,өнерлерімен таң қалдырды.
Білім күнінде мектебіміз бүлдіршіндерімізге есігін айқара ашып,алғашқы қоңырау соғылды. Оқушыларға “Әліппе” оқулығы салтанатты түрде табысталды.
Мектеп директоры М.К. Мамбетова бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.