03.04.2023 жылы 3 «Б» сынып оқушылары мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен қаламыздағы С . Баязитов атындағы балалар оқу орталығына жерлес ақын -жазушымыз Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шараға қатысып келді.

03.04.2023 жылы 3 «Б» сынып оқушылары мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен қаламыздағы С . Баязитов атындағы балалар оқу орталығына жерлес ақын -жазушымыз Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шараға қатысып келді. Балалар ақын туралы мағлұмат алып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бейнематериалды тамашалап, өздері білетін өлеңдерін оқып, көпшілікке тарту етті. Оқушылар көрмедегі кітаптардың авторларымен танысып, мақал-мәтелдер тыңдап, жұмбақтар шешіп, жиын соңында май шаммен, бояумен сурет салудың әдіс-тәсілдерін қолданып, түрлі суреттер салды.
Сынып жетекшісі: Латыпова Н.К.