Сыңғырла соңғы қоңырау!
25 мамырда мектебімізде сағыныш пен шаттыққа толы «Соңғы қоңырау» мерекесі болып өтті. Түлектермен қоштасу мерекесі еліміз үшін маңызды, аңсаған Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына тұспа-тұс келді. Биылғы жылы мектебімізді 67 түлек аяқтағалы отыр.
Мектебіміздің директоры Майра Қабиденқызы мен 11 сынып оқушыларының сынып жетекшілері түлектерге тілектерін білдіріп, ақ баталарын берді. Түлектерге арналған «Соңғы қоңырау» мерекесіне қала әкімінің орынбасары Канафина Айым Мүкарамқызы мен білім беру бөлімі басшысының орынбасары Сейтова Сабира Шакенқызы келді.