«Анам, әкем және мен»
1 «А», 1 «Б», 1 «В», 1 «Д», 1 «Ж», 1 «Е» арасында спорт түрінен «Анам, әкем және мен» атты спорттық ойын өтті. Мұнда әр сыныптан әкесі мен анасы, баласы қатысып, әр түрлі тапсырманы орындай білді. Әділ- қазылар ата-аналардың жас ерекшеліктеріне қарамай, ойынға белсенді қатысқанына қатты риза болды. Жарыс соңында 1 «А» сыныбы алға шығып, қалған сыныптар номинация бойынша марапатталды.