« Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту» атты облыстық семинар.
14 қараша күні сағат 15.00 –де Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы, біздің мектепте «Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту» атты облыстық семинар өтті . Бұл семинарға Павлодар облысының тарих, химия, биология пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Осы тақырып аясында, тарих пәнінің мұғалімі Амирова Сауле Балтабаевна «Критериалды бағалау» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.