Жол ережесін сақтайық

8.01.14 жылы мектебіміздің кітапханасында "Жол ережесін сақтайық" атты 5 "Д" сыныбына арналған кеш болып өтті. Кештің мақсаты: 1. Оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету; 2.Жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру; 3. Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Жауапты: Кожахметова А.К