«Мен салауатты өмір салтын қолдаймын » атты сынып сағаты
Осы аптада 8 «А» сыныбында «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын »деген атпен сынып сағаты өтті. Сынып сағатының түрі: тренинг . Салаутты өмір сүрудің мақсатын атай келе , оның негізгі қағидаларын атап, зиянды әдеттерге шолу жасады. Шолудан кейін өздерінің жауаптарын ситуациялық сұрақтар арқылы дәлелдеді. Жаман қылықтардан құтыла алмай өз өмірлерін пида еткен адамдарға деген бір жағынан аяныш сезімін, тағы бір жағынан реніш сезімдерін балалардың түр әлпетінен бірден аңғардық. Болашақ өмірлерін мұндай қиын жағдайларға арнамайтындарын бірінен соң бірі айтып жатты. Сынып сағатының соңында бір ауыздан бәрі «Салауатты өмір біздің жарқын өміріміз » деген ұстанымды қолдады.