Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Орыс тілі және әдебиет пәндерінің апталығы өтті
06-02-2017 10:29
Орыс тілі және әдебиет пәндерінің апталығы өтті

23-28 қантар  аралығында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 орта білім беру мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінің апталығы өтті. Апталық мектеп қабырғасын безендіруден басталды. 23 қантар күні салтанатты жиынның ашылуы болды. Орыс тілі мен әдебиет пәндерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Касимова К.Ф. апталық жоспарымен таңыстырды.

Пәнге деген танымдық қызығушылықты арттыру мақсатында 1-11 сыныптарда орыс тілі және әдебиет пәні бойынша 6 сыныптарға «Абай және Пушкин» атты әдебиеттік кеш өткізілсе, 5,7 сыныптарға КВН өткізілді. Ал 8 сыныптар аралығында «Звездный час» ойыны ұйымдастырылды. Апта бойы  бастауыш сыныптарға орыс ертегілерге байланысты сурет сайыстары болды. Ал 4 сынытарға «Қыс» тақырыбына байланысты мәнерлеп оқу сайысы болды. Сонымен қатар апта бойы мектепте орналасқан "Арай" баспасөз орталығы өз жұмысын атқарды. Апталықтың соңғы күні мерекелік қорытынды жиын болып өтті. Апталықта жақсы білімімен, өнерімен, алғырлылығымен көзген түскен оқушыларға  мектепішілік марапаттаулар табыс алды.

"Арай" баспасөз орталығы