Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақтың бір ұлымен, жанымды арым құрбан еткен...»
26-12-2016 10:26
«Қазақтың бір ұлымен, жанымды арым құрбан еткен...»
26 желтоқсан күні Б.Момышұлы атыңдағы № 22 мектепте Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туған күніне арналған «Қазақтың бір ұлымен, жанымды арым құрбан еткен...» тәрбие сағаты өтті. Бұл іс- шараға арнайы шақырылған №37, № 39 мектептен келген кітапхана меңгерушілері келді.Іс-шарамыз «Адай» күйімен басталды. Орындаған 9 «б» оқушысы Айдаргазин Ильяс . 5 «а», 2 «в», 3 «д» сынып оқушыларының қатысумен оқушылар Мұқали Мақатаев «Бауыржан Момышұлына», Қасым Аманжоловтың «Бауыржан» және т.б арналған өлендерің мәнерлеп оқып берді. Б.Момышұлының шығармасын сүйіп оқитын, мектеп ұстазы Шегебаев Қайырбек Кенанұлы ағамыз Б.Момышұлының өмір-дерегі, шығармашылығы туралы айтып және күй шертті.. Есте сақтау қабілеттерін арттыра түсу мақсатында, оқушыларға интерактивті тақтадан «Аңызға ұласқан ақиқат» атты слайд көрсетілді. Сонымен қатар жастардың бойында патриоттық рухты тәрбиелеуге ықпал ететін, көрнекті жазушының «Офицер күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Адам қайраты», «За нами Москва», «Ұшқан ұя» және т.б. шығармаларын көрме арқылы таныстырылды. Еліміздің келешегіне оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз – Отанға деген сүйіспеншілік. Ал, Отанын сүюді өнеге етіп қалдырған Бауыржан Момышұлындай қаламгер жоқ. «Отан үшін отқа түс-күймейсің!», «Өз ұлтын сыйламау, өз ұлтын мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі», «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін», деген, Халық қаһарманының қанатты сөздері жас ұрпаққа мәңгіге өшпес мұра болып қалмақ. Іс-шарамыз өтте қызықты өтті. img-20161226-wa0012 img-20161226-wa0017 img-20161226-wa0018 img-20161226-wa0020 img-20161226-wa0021 img-20161226-wa0024 img-20161226-wa0025 img-20161226-wa0026 img-20161226-wa0027 img-20161226-wa0028