Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
22-12-2016 09:57
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсанында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Оған мектебіміздің халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен сайыстардың жүлдегерлері ұйым қатарына салтанатты түрде қабылдануға ие болды. 6-7-8 сынып аралығынан барлығы 124 оқушы, оның ішінде 53 оқушы «Жас ұланға», ал 71 оқушы «Жас қыран»-ға өтті. Оқушыларды мектеп директорының орынбасары Бекмурзинова Г.А. құттықтады. Салтанатты жиынға ҚР мәдениет қайраткері Баянауыл ауданының құрметті азаматы Сыздыков Б.С., ардагер ұстаздарымыз Омарова С.А., Курмангазина Ш.Ж. және Куниязова Р.С. келіп, оқушыларымыздың мойындарына галстуктерін тақты. Отанымыздың үміт артқан болашақтары туған елдің даңқын көкке өрлетіп, жерімізді гүлдендіре береміз деп ант қабылданды. Жасұландықтар берген уәделеріне болаттай берік болып, егеменді еліміздің көк туын көкте жебірете береміз деп сеніп білдіргесін келген құрметті қонақтарымыз шығып сөйлеп, тәуелсіз елдің ұландарына басып өткен өмір жолдарын айтып, ақ тілектерін тіледі.Сонымен қатар мектеп тәлімгері Мусаева М.А. жасұландықтарға жасұландықтарға өз Отанының құрметті азаматы болуға тілек білдірді. img_4274 img_4278 img_4286 img_4285 img_4289 img_4288 img_4293 img_4294