Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 10.11.16- 10.12.16 аралығында «АИТВ /ЖҚТБ алдын алу» айлығы өтуде. 6-7 сыныптарда «1 желтоқсан-ЖҚТБ-мен күрестің бүкіл әлемдік күніне » арналған «ЖҚТБ-ХХІ ғасыр отбасы» атты газет сайысы өтті. Сонымен қатар 7 сынып оқушыларға тақырыпқа байланысты флешмоб ұйымдастырылды. Белсене қатысқан 6д, 6а, 6г, 6в, 6 г, 7 сыныптар оқушылары. Барлық сыныптарға мадақтама берілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда 4 сыныптар арасында «Әке, ана және мен» көңілді эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа 3 отбасы қатысты (3 бала, 6 ата-ана). 4 сыныптардың сыныптастары жанкүйер ретінде жоғары белсенділік танытты. Сайыстың қорытынды бөлігінде отбасылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Әділқазы қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасылар аңықталды. 10-11 желтоқсан аралығында 9-10 сыныптар арасында «АИТВ/ЖИТ туралы не білуіміз керек?» атты пікірталасты мектеп медбикесі өткізді. СӨС координаторы Мукушева М.А.