"Бабаларға тағзым" ескерткішке гүл шоғын қою
7 "Г" сынып оқушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалға белсенді барып, құрбандарына арнап гүл шоқтарын қойған. 2013 жылы Н.Ә. Назарбаев Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Павлодар қаласында да «Мәңгі есімізде» деп аталатын ескерткіш қойылды. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Павлодар облысында аштықтан 300 мыңнан аса адам көз жұмған. Ескерткіш осы құрбандардың есімін ел есінде мәңгі сақтау үшін халық игілігіне берілген.
7 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшісі Алинова С.К. академик Қаныш Сатпаевқа орнатылған ескерткішке барып гүл шоқтарын қойған. 2011 жылы Павлодар қаласында академик Қаныш Сәтбаевқа (1899–1964) орнатылған мүсін оның туған күні – 12-сәуірде салтанатты жағдайда ашылды. Ескерткіш академик Сәтбаев көшесінің бойында, қалалық әкімдік ғимаратының жанындағы көрнекі алаңқайда орнатылған.
