8 "А" сынып оқушыларының спорт жұлдыздары
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 «А» сынып оқушылары республикалық, облыстық, қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орынға ие болды. Болашақта үлкен белестерден көрінетіндеріне үмітіміз зор.
Нескеев Казбек 8 «А» сынып оқушысы. Спортпен 5 жыл шұғылданады. Балалар және жасөспірім футболының Қазақстан лигасының «Жас Қыран» сайысына қатысып I орын алса, Павлодар облысының чемпионатына қатысып I орынға ие болды.
Алигожин Рахат 8 «А» сынып оқушысы. Спортпен 5 жыл шұғылданады. Ауған соғысына арналған Республикалық турнирінде қатысып, III орынға ие болса, ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл, Ж.Бақауовтың есіне орай, 20 жыл Железин ауданына облыстық өткен турнирында I орынға алды. Тәуелсіздікке 25 жыл атты қалалық турнирінде ІІІ орынға иеленді.
Жаменке Лаура 8 «А» сынып оқушысы. Спорттық би өнерімен 3 жыл шұғылданады . Астана қаласында өткен «Kazakhstan open cup» сайысына қатысып III орын, Павлодар қаласында өткен «Весенняя капель – 2016» сайысында ІІІ орын, Семей қаласында өткен «Love story» сайысына қатысып III орын жеңіп алды.
Умралина Амина 8 «А» сынып оқушысы. Спорттық би өнерімен 8 жыл шұғылданады . Сочи қаласында өткен Халықаралық VII конкурс «Черноморский Олимп» Гран При I орынға иеленді. Республикалық Мега конкурс «Талант Казахстана» I орын, Италия мемлекетінде Римини қаласында өткен «Под солнцем Италии» Гран При I орын жеңіп алды.
Ибрай Чингисхан 8 «А» сынып оқушысы. Спортпен 5жыл шұғылданады. Алматы қаласында өткен Қазақстан Чемпионатында II орын, Петропавл қаласында өткен «Кубок Севера» II орын, Ақтөбе қаласында өткен «Кубок Федерации» I орын, Тайланд мемлекетінде өткен «Чемпионат Мира» сайысында II жүлдегелі орындарға ие болды.
Амангельдинов Темирлан 8 «А» сынып оқушысы. Спортпен 7 жыл шұғылданады. Павлодар қаласында қалалық футбол бойынша жарыс өтіп II орын жеңіп алды. 8 "А" сынып жетекшісі Ешимова Арнат Айтымовна