"Сын тұрғысынан ойлаудың маңызы" атты коучинг өтті
Қараша айында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Г.М. әріптестер тобын бірлестіріп тәжірибемен алмасу, сын тұрғысынан ойлаудың қаншалықты маңызды екенін ойларына жеткізу мақсатымен "Сын тұрғысынан ойлаудың маңызы" атты коучинг ұйымдастырды. Коучинг барысында мұғалімдер топтарға бөлініп сын тұрғысынан ойлай отырып, шығармашылық қабілеттерін арттырды. Сулейменова Г.М. ой қозғау, топпен жұмыс, Блум таксономиясы, критериалды бағалау, кері байланыс оқу әдістерін қолданды.