Күзгі демалыс қызықты өтті
Демалыс – бұл қызықты және пайдалы белсенділікті қалыптастыратын мезгіл. Мектебімізде күзгі демалыс өте қызықты, әрі көңілді өтті. Демалыс кезінде мектепішілік шаралар ұстаздар және оқушылар тарапынан бірдей деңгейде үлкен жауапкершілікпен атқарылды. Мұражайларға саяхат, "Жігер" балалар–жасөспірімдер клубына" саяхат, спорттық шаралар арқасында күзгі демалыс уақыты оқушылардың бос уақытын қалдырмай, олардың мектептен тыс өміріне үлкен үлесін қосты. Қараша күндері бастауыш сыныптар арасында ұлттық ойындар , спорттық , интеллектуалды сайыстар ұйымдастырылса, орта буын сыныптар оқушылары мұражайларға барып, туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырып, ой-өрістерін және танымдық қабілеттерін дамытты. "Жігер" балалар–жасөспірімдер клубында ұйымдастырылған неше түрлі қызықты ойындарға қатысып , «Батырмол» сауда орталығында оқушылар көркем фильмдер тамашалады. Сонымен қатар мектепте де спорттық ойындар ұйымдастырылды. «Күзгі демалыс» тақырыбында ұйымдастырылған жұмыстар өз уақытында,өз дәрежесінде өтті.Оқушылар күзгі демалыста болса да, мектеппен тығыз байланыста болып, күзгі демалыстарын қызықты өткізді. "Арай" баспасөз орталығы