Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Универсиада
26-10-2016 04:40
Универсиада
Универсиада-Халықаралық студенттік спорт федерациясының қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. Жарысқа қатысуға 17-28 жастағы аспиранттар,студенттер, Универсиаданың алдында оқу орындарын бітірген түлектер жіберіледі. Универсиада- 2017 Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Дариға Назарбаева басқарады.Ұйымдастыру комитеті 2017 жылғы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті шаралардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізеді. 2017 жылғы Универсиаданы Қазақстанда өткізу идеясы Халықаралық студенттік спорт Федерациясының мүшесі ретінде Қайрат Закирьянов басқарады. Алматыдағы қысқы Универсиада жарыстарына 55-тен астам елден 2000 спортшы қатысады.Универсиада кезеңінде 3000 ерікті, соның ішінде шет елден және еліміздің аумақтарынан, қызмет жасауға жұмылдырылады.30 мың шетелдік қонақпен турист келеді деп күтілуде. Телеаудиторияның саны шамамен 1миллиард болып күтілуде.Көрсетілім әлемнің 80 елінде жүргізіледі. Қысқы Универсиада 2017 жарыстары спорттың 12 түрінен өткізіледі.БИАТЛОН,ТАУШАҢҒЫ спорты,КЕРЛИНГ,КОНЬКИМЕН жүгіру спорты,ШАҢҒЫ қоссайысы,ШАҢҒЫ жарысы,ШАҢҒЫМЕН трамплиннен секіру,СНОУБОРД, МӘНЕРЛЕП сырғанау, ФРИСТАЙЛ;ШАЙБАЛЫ хоккей,ШОРТ-ТРЕК. Алматыдағы Бүкіләлемдік Универсиада кезінде біз әлемнің әр түкпірінен келген қатысушыларға, ұлттық салт-дәстүріміз бен тұрмыстық ерекшеліктерімізді көрсетуіміз керек. Бір сөзбен айтқанда, 2017 жылы Алматыда өтетін Бүкіләлемдік Универсиада Қазақстан елінің халықаралық қауымдастығы абыройлы орнын айқындайтын,елдің ішкі өмірі мен экономикасына , спорть пен туризміне де оң әсер ететін ірі халықаралық спорттық шара болмақ. Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Акбанова А.Х.