Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Аудандық, қалалық «Жас Ұлан» БЖҰ координаторлары, аға тәлімгерлері, мектептегі баспасөз орталығының жетекшілері, бейбітшілік елші уәкелдері үшін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы балалар бірлестігінде рухани- адамгершілікті тәрбиелеу және білім беру негізі ре
06-10-2016 05:08
Аудандық, қалалық  «Жас Ұлан»  БЖҰ координаторлары, аға тәлімгерлері, мектептегі баспасөз орталығының жетекшілері, бейбітшілік елші уәкелдері үшін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы балалар бірлестігінде рухани- адамгершілікті тәрбиелеу және білім беру негізі ре
img-20160929-wa0011 2016 жылдың 29 қыркүйек күні В. Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында аудандық, қалалық «Жас Ұлан» БЖҰ координаторлары, аға тәлімгерлері, мектептегі баспасөз орталығының жетекшілері, бейбітшілік елші уәкелдері үшін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы балалар бірлестігінде рухани- адамгершілікті тәрбиелеу және білім беру негізі ретінде» атты облыстық оқыту семинары өтті. Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінен БЖҰ координаторы Жунусова Б.Д., "Арай" баспасөз орталығы жетекшісі Мукашева Б.С. және аға тәлімгері Мусаева М.А. қатысты. Семинар қатысушыларды оқушылар сарайының әдіскері Жаканова Д.О. бағдарламамен таңыстырып өтсе.,Аипова Ә.С. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы балалар бірлестігінде рухани- адамгершілікті тәрбиелеу және білім беру негізі ретінде» баяндама оқыды. Бағдарлама бойынша семинар қатысушылар оқушылар сарайының әдіскерлері тәжірибесімен бөлісіп келесі тақырып бойынша жұмыс атқарды: «Балалар радиосы» Аипова Ә.С., «Ал сен заңды білесің бе?» Жаканова Д.О., «Бітімгерлікке кіріспе. Еріктілер құзыреті» Сүлейменова С.С., «Мәңгілік ел»- бұл жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім. Ишмухаметова М.Г., «Мен өз мүмкіндіктерім туралы білемін» Оразбаева А.Ж., «Өз қолымызбен газетті жасаймыз» Даирбаева В.А. Жунусова Б.Д., Мукашева Б.С. және Мусаева М.А. оқушылар сарайының әдіскері Аипова Ә.С. «Балалар радиосы» атты тәжірибесіне қатысып, радио бойынша көп қызықты мәлімет алды. Соңымен қатар қатысушылар радиоға келе жатқан Ұстаздар күніне байланысты құттықтау сөздерін айтып, радионың тікелей эфиріне шығатын болды. "Арай" баспасөз орталығы.