Апталықтың 3- күні “Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген” деген тақырыпта 5-11 сынып аралығында шығармалар сайысы өтті.
Апталықтың 3- күні “Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген” деген тақырыпта 5-11 сынып аралығында шығармалар сайысы өтті. Шығарманың қорытындысы бейсенбі күні, әділқазылар алқасы шығарады.
«Тіл білгірі» атты 5- сынып оқушыларына арналған сайыс өтті. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Сайыста қатысушылар әр кезеңде өздерінің білгірлігі мен тапқырлығын танытты. Қорытындысында: 5 «В» сынып оқушыларының «Тапқырлар» тобы 42 ұпаймен І орынды, 5 «А» сынып оқушыларының «Алғарлар» тобы 35 ұпаймен ІІ орынды, 5 «Г» сынып оқушыларының «Жүйріктер» тобы 23 ұпаймен ІІІ орынды иеленді.