Елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында 1 тамыздан "Мектепке жол” жалпы республикалық акциясы басталды. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету.