1 маусым күні Балалар күніне байланысты Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ оқушылары қалалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты. Онда балалар неше түрлі ойындарға қатысып, тегін балмұздақ жеп, концерттік бағдарлама көріп көңілдерінен шықты.2 – 3 маусым күндері В. Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында жазғы демалысқа байланысты іс-шаралар өткізілді. Әр мектепішілік лагерден оқушылар топтары келді. Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ –де орналасқан «Балдаурен» лагеріненде профильдік топтар белсене қатысты. «Арай» баспасөз-орталығы, жетекшісі Мукашева Б.С., «Эко әлемі» , жетекшісі Ешимова А.А., «Жас жол инспекторлары», жетекшісі Иманова А.Х., «Жетінші континент» , жетекшісі Аушахманова Г.А. 2 маусым күні Оқушылар сарайының ұстаздары Петрович О.В. және Жанакова Д.Е. балаларға «Шебер сөз» атты іс-шара өткізді. Оқушылар берген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жеңіске жетті. 3 маусым күні оқушыларға неше түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Алдымен балалар топқа бөлініп адамның жақсы қасиеттері туралы жазып, постерларың қорғады . Одан кейін балалар қызықты ойындар, флешмоб, спорттық жарыстарға белсенді қатысып дипломдармен марапатталды.«Арай» баспасөз орталығыжетекшісі Мукашева Б.С.