«Қауіпсіз интернет» акциясы


Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде ағымдағы жылдың 11-22 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан өткізілді. Ақпараттық науқанның мақсаты – балаларды қауіпті әлеуметтік желілерден алдын ала сақтандыру және ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату.
Акция барысында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында суреттер конкурсы, буклеттер, шығармалар жазылды. 5-11 сыныптарда «Интернет пайдасы мен зияны» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар 6-8 сыныптар арасында «Интернет және оған тәуелділік» тақырыбында мектеп психологымен кездесу өтті. 9 сыныптар арасында «Интернет және қоғам» тақырыбында пікірталас өткізілді.