«Әтномәдени білім беру мен тәрбие беру білім сапасын арттыру факторы ретінде» бағдарламасының 3 жылғы жұмыс қорытындысы



2016 жылдың 14 сәуірде Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 2013-2016 оқу жылдарына арналған «Әтномәдени білім беру мен тәрбие беру білім сапасын арттыру факторы ретінде» бағдарламасының 3 жылғы жұмыс қорытындысы қалалық эксперттік топ мүшелері алдында тыңдалды. Эксперттік кеңеске 17 ашық сабақ және 11 сыныптан тыс іс-шаралар ұсынылды. Эксперттік кеңес мектептің алған бағытының дұрыс таңдалғанын және сол бағыттағы жасалып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.