Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
XХI Республикалық «Ақыл-ой Одиссеясы» сайысы
06-04-2016 10:13
XХI Республикалық «Ақыл-ой Одиссеясы» сайысы

XХI Республикалық «Ақыл-ой Одиссеясы» сайысы

Жарайсыңдар, балақайлар! 2016 жылдың 25-31 наурыз аралығында білім ордамыздан XХI Республикалық «Ақыл-ой Одиссеясы» (Odyssey of the mind) сайысына қатысу мақсатында Алматыға аттанған екі топтың да қоржындары жүлделі орындармен толы оралды. Ресей елінен және еліміз бойынша 30 команданың ішінен біздің балалар бәйгеден оза шауып, жүзден жүйрік атанды. Мектебіміздің мәртебесін көтеріп қайтты.

Бастауыш сынып мұғалімдері Зорький Жанаргулдің жетекшілігіндегі «Сезім» тобында Мергалымов Санжар 3 «Ж», Бақыт Әзиза 3 «Ж», Қазкенова Аружан 3 «Е», Жантемір Бабихан 3 «Е», Ашиков Алихан 4 «Б», Чингизова Айжан 4 «А», Каирова Кульмира Сакеновнаның жетекшілігіндегі «Алтын жебе» тобын 4 «А» сынып оқушылары Темірбек Абай, Мағзам Айым, Қалиасқар Рыспек, Сарсенбаев Даурен, Омаров Ерназар , Омарханов Багыдат, Мұқатай Шыңғыс.

Екі топ та ІІІ орынды иеленіп қайтты. Алматының Алатау бөктеріндегі көз тартар әсем табиғатында оқушыларымыз көктемгі демалыстарында әрі демалды, әрі бақтарын сынады. Спонтанды және ұзақ мерзімді мәселелерді шешу барысында мектеп оқушылары әділқазылар алқасының таңдайларын қақтырды. Жан-жақтан келген басқа топтармен достық қатынас орнатты. Жүлделерге оранған оқушылардың қуанышы мен әсерлерінде шек жоқ. Қанжығаларын майлап келген оқушылар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтап, өнерлерің өрге жүзсін демекпіз!

IMG_2072

1

2

4

6

3