Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ" мерекесі аталып өтті
16-03-2016 13:49

Жер аяғы кеңіп, көктемнің ұлық мерекесі – Наурыз да келіп жетті. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген баталы сөздерден өз бастауын алатын мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше. Тамырын тереңге жайған осынау мереке тазалық пен татулықтың, береке мен бірліктің тұғырын нығайтып, адамдарды шаттық пен қуанышқа кенелтеді. Айтулы мерекеге арналып, Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде "Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 5-10 сынып оқушылары ат салысты. Ұлыстың Ұлы күнi — Наурыз мейрамына арналған салтанатты мерекенi мектеп директоры М.К. Мамбетова ашты. Бұл күні сахна төрінде әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрлерін, әсем әндерін, мың бұралған билерін, ұлттық тағамдарын таныстырды. Осылайша мектеп оқушылары келген қонақтарға мерекелiк көңiл-күй сыйлады. Ұлыстың Ұлы күні достық пен татулық насихатталып, ақ тiлектер айтылды. Халқымыздың тарихымен сабақтас осы мерекенiң мән-мағынасы өте зор. Тәуелсiздігімізбен қайта оралған Наурыз мейрамы бiрлiгiмiз бен татулығымыздың, салт-дәстүрiмiздiң, тiлiмiз бен дiнiмiздiң дамуына себепшi ұлы мерекеге айналып отыр. Егеменді елімізде бір шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың бiрлiгi мен татулығы нығайып, елiмiздiң көк байрағы биiктерден көрiне берсін!

Бақ пен дәулеттің мерекесi — Наурыз мейрамы әр отбасына амандық-саулық сыйласын!

20160316_125516 20160316_125426 20160316_125253 20160316_130833 20160316_130919 20160316_131043 20160316_131727 20160316_131904 20160316_132355 20160316_132007 20160316_132523 20160316_132712 20160316_132956 20160316_133457 20160316_133912