"Жақсылық –жан шуағы" атты тәрбие сағаты өткізілді

Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылдың 3 ақпанында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі С.Қ. Накупова 4 сынып оқушыларымен «Жақсылық –жан шуағы» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: балаларды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бір-біріне деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Мұғалім тақырыптың мағынасын аша отыра, ойындар ойнатып, мақал-мәтелдер айтқызып, қызықты, есте қаларлық жағдай туғызды.