Каникул кезінде 1.02.2016 жылдың айында 1 «б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Сыздыкпаева Күльжаз Кудышевнамен мектеп кітапханасына саяхат жасады.Оқушылар кітапхана ережесімен, тәртібімен танысты. Балалар кітаптардың бірнеше түрлерімен таныстырылды. Сонымен қатар оқушылармен «Ертегі еліне саяхат» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатыңда әр түрлі қызықты ойынды тақырыптар «Біз ертегі туралы не білеміз?», «Бұл қандай аң?», «Сөз жұмбақ», «Суретте қай ертегі белгіленген?» атты жарыстар өткізілді. 1 «б» сынып оқушысы Ақан Айша «Бауырсақ », Нұржан Әділжан «Шалқан» ертегісің айтып берді. Оқушылар өздеріне көп әсер алды. Тәрбие сабағы өте қызықты өтті.Кітапхана меңгерушісі: Асылбекова Р.С