Павлодар жерінің ақындарына арналған сайыс
27 қантар күні Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ-ң кітапханасында орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Касимова К.Ф. 8 сынып оқушыларына жерлес ақындардың «Қыс» тақырыбына байланысты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар Павлодар қаласының атақты ақындары П.Васильев, Ж.Нуркенов О.Григорьева, А. Музалевский, В.Семерьянов туралы мәлімет алды. Сонымен қатар дайындалған балалар осы аталған ақындардың шығармашылығың мәнерлеп оқыды. Барлығы 15 оқушы қатысты. Осы сайыста О. Григорьеваның «Стих о Павлодаре», «Огромный и ,наверно, добрый», П.Васильевтің «Тройка», «Зима», Ж. Нуркеновтың «Ах, зима ты в румянце», «Я уже отчаялся дожидаться», А. Музалевскийдің «Снег медленно плывет в тиши вечерней" мәнерлеп оқылды. Әділқазы алқасы оқушыларды тындап, келесі шешімге келді: І орынды Мухаметкалиева Т., Мубаракова К., Кнышбаева А., ІІ орынды Бальгужинов С., Әмірбек М., ал ІІІорынды Кожанова Г., Жумашева Д., Базарбаева М., Амантай А. берді. "Арай" Баспасөз- орталығы