"Қайырымдылық "акция аясында жәрменке өтті
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 23 қантар күні "Қайырымдылық" акция аясында 5-11 сыныптар арасында жәрменке өтті. Акция аз қамтылған, көп балалы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасыларының оқушыларына қолдау көрсету мақсатымен ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға сынып оқушылары, сынып жетекшілер белсенді қатысты.