Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 2016 жылдың 16 қаңтар күні кітапханада «Әдептілік – тәрбиенің діңгегі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оған 4«б» сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағатыңда балалардың бойына жақсы әдеттерді сіңіріп, жат қылықтардан аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіні ренжітпеуге үйретіп, әңгіме жүргізілді. Тақырыпқа байланысты слайд көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс- шара саяхат түрінде өткізілді. Әр аялдамадағы тапсырмалар: «Сұрақ -жауап», «Құпия хаттар», «Не істеу керек», «Тыйым сөздер», «Мақал- мәтелдер» орындалды. Берілген сұрақтарға 4 «б» сынып оқушылары белсене қатысып, әр сұрақтарға мүдірмей жауап беріп отырды. Іс-шара соңында балалар әдеп туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Мәліметті әзірлеген кітапхана меңгерушісі - Асылбекова Р.