"Мұғалімнің кәсіби дамуы - нәтижелі оқытуға бағыттау жолы" атты педагогикалық кеңес өткізілді
2016 жылдың 8 қаңтарында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде
мұғалімдердің кәсіби дамуын қалыптастыра отырып, нәтижелі оқытуға бағыттау жолдарын айкындау мақсатымен "Мұғалімнің кәсіби дамуы - нәтижелі оқытуға бағыттау жолы" атты педагогикалық кеңес өтті. Педкеңестің барысы мына іс-әрекеттерден тұрды: 1. К.К. Сыздыкбаева және Ж.К.Турсынкулованың "Мұғалімдердің кәсіби дамуы-нәтижелі оқытуға бағыттау жолы" атты баяндамасы. 2. Тақырыптар бойынша топтар арасында практикалық жұмыс. 3.Шешім қабылдау. 4.Қорытынды. Педкеңес барысында баяндама тыңдалып, талқыланды. Әрі қарай мұғалімдер берілген тақырыптар бойынша топтарға бөлініп практикалық жұмыстармен айналысты. Әр топ арасынан бір мұғалім топ тақырыбын қорғады. Практикалық жұмыс қорытындысында келесі шешімге келді:- 1.Мұғалімнің біліктілігін арттыра отырып, инновациялық технологияларды үнемі қолдану.
- 2.Жаңашылық пен жаңалықты меңгеру мақсатында семинарлар мен әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру.