Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде 2015 жылдын 23 желтоқсан айында 1 сыныптарға арналған "Әліппемен қоштасу " мерекесі өтті. Әліппемен қоштасу мерекесі бастауыш сынып мұғалімдер күшімен дайындалған сахналық мерекелік қойылым түрінде өтті . Қойылым барысында Әліппе ортаға шақырылып, балалармен әңгіме жүргізіп, сұрақ қойды.Әліппе білім қоржының Ана тіліне тапсырып балалармен қоштасты. Ана тілі сөз соңында балаларға бата – тілек арнады. Ана тілінің құрметіне балалар би билеп, ән шырқады.