Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан!
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетелейтін директордың орынбасары Бекмурзина Г.А. мерекелік іс-шараны құттықтау сөзімен ашты. Салтанатты жиын барысында өлеңдер оқылып, әсем әуендер шырқалып, мың бұралған бишілер көрермендерді билерімен тамсандырды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын!