Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бақытты отбасы – бақытты ел!»
09-12-2015 02:17
«Бақытты отбасы – бақытты ел!»

«Бақытты отбасы – бақытты ел!» ұранмен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз » 16 күн» акциясы өткізіледі 25 қарашасынан 10 желтоқсан аралығында

«Әлемді зорлық-зомбылықсыз қалай жасауға болады»тақырыбында эссе жазу 8-10 сынып қыздар арасында. Рейд жүргізу-кәмелет жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдырмау, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. «Күш көрсетудің алдын алу. Отбасының мәселесі мектеп пен қоғам мәселесі». Зорлық – зомбылықсыз. Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл - адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан - адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған. «Жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру» тақырыбында қыздар арасында жыныстық және гигиеналық талаптардың сақталуы жайында сөз қозғалды. Қыздарға жыныстық жетілудің алдын алу жайлы бейне фильм көрсетіліп, сол тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, өздеріне қатысты сұрақтардың жауабын ала білді. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау» Павлодар қаласының «Балалы әйелдердің әлеуметтік психологиялық бейімделу және оңалту орталығының психологы» Неделька Жанна Юрьевна, Павлодар қаласының Ішкі істер бөлімінің « Зорлық-зомбылықтан әйелдерді қорғау ісі бойынша» аға инспекторы, полиция майоры Сарсембинова Айгул Мырзабекқызы.Әйелдерді зорлықтан қорғау тобының қызметкерлері, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың күштері жұмылдырылып, қызметті күшейтілген жөнінде айтылды. Тәртіп сақшылары күнделікті жайсыз отбасыларды мекен-жайлары бойынша тексеріп, алдын алу жұмысына үлкен көңіл бөліп отырғанын айтып жеткізді. Аталмыш акцияға полицейлермен бірге «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық ұйымының қызметкерлерін шақырып Полиция қызметкерлері бұл проблемаға үлкен назар аударып, әйелдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы парақтарды, сенім телефондарын тараты.Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуда тәртіп сақшыларының ғана белсенді жұмыстары жеткіліксіз, сондықтан сақтансаң сақтаймын дегендей, отбасылық-тұрмыстық жәбір көрген әйел адамдар өз құқықтарын алдын-ала біліп, полиция қызметкерлеріне уақытында хабарласуларын айтып өтті. «Балалы әйелдердің әлеуметтік психологиялық бейімделу және оңалту орталығының психологы» Неделька Жанна Юрьевна өз орталықтарында әйел мен балаға көмек көрсететіндерін айтып өтті. Сынып жетекшілермен ата-аналар комитетінің төрайымдары шақыртылды. Тәрбие жөніндегі мектеп директорының орынбасары Ханафия Мадина 122 1223 IMG-20151205-WA0000 IMG-20151205-WA0006 1111 23568 12358