Мөлтек ауданының қарттарына арналған мерекелік іс-шара

25 қыркүйек күні Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектеп акті залында мөлтек ауданының қарттарына арналған мерекелік іс-шара өтті. Құрметті қонақтарға концерт қойылды, оқушылар өлеңдерін оқып, ән айтып, би биледі. Аталарымыз бен әжелеріміз әрбір қойылымды ду қол шапалақтаумен қарсы алды, өйткені әртістер ретінде өздерінің немерелері қатысты.