28 қыркүйек күні Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебі акт залында мектеп ардагерлеріне арналған «Қарттарым- асыл қазынам» атты іс-шара өтті. Іс-шарада мектеп әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы құрметті ардагерлерді мерекесімен құттықтады. Мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама қарттардың көңілін жадыратты. Мектеп қарттарын кеш соңында мектеп асханасында жайылған дастархан басына шақырып қонақ етті.